Қала тіршілігі

Су айдындарында 21 адам көз жұмды



Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері су айдындарында адамдардың (балықшылардың) қайтыс болуының алдын алу бойынша рейдтік профилактикалық іс-шаралар өткізеді.

 

Рейд барысында балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ақпараттық жадынамалар таратылады. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. «Аң және балық аулау маусымы басталғаннан бері (2020 жылғы 1 қазан-7 желтоқсан) елдің су айдындарында 21 адам, оның ішінде 5 бала көз жұмды. Осыған байланысты ел азаматтарының назарын су айдындарында, қыс мезгілінде, бірінші кезекте қауіпсіздік ережелерін сақтауға аударамыз» деді ҚР ТЖМ ресми өкілі.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button