Жаңалықтар

СУ ҚАПТАУ ҚАУПІН СЕЙІЛТЕДІ

e91ee50f4751d5903f5b4d4b873

Кеше Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков өткізген кезекті аппарат мәжілісінде демалыс күндері толассыз жауған жауын салдарын жою мәселелері мен елордадағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай талқыланды деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. 

Нөсер салдарынан 16-17 мамыр күндері елорданың он екі учаскесін су басып, көлік қозғалысы шектелді. «Қазгидрометтің» мәліметі бойын­ша, жауын-шашынның айлық мөл­шері 34 мм болса, сол күні бір тәулік ішінде 38,5 мм ылғал түскен. Синоп­тиктер елордада алдағы күндері де көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауатынын ескертеді.
– Жаңбыр жаууы қалыпты мөл­шерден асып кетті және синоп­тик­тердің болжамынша, мұндай жағ­дай алдағы уақытта да қайталануы мүмкін. Сондықтан, бұл күндері бар­лық тех­никаны жұмылдырып, күн сайын кезекшілік ұйымдастыру қа­жет. Қауіпті жерлерге су сору құрыл­ғы­ларын орнату керек, – деді әкім.
Қаланың коммуналдық қыз­мет­тері күшейтілген тәртіппен жұмыс істеуде. Астана қаласында демалыс күндері 10 мың текше метрден аса жаңбыр суы сорылды.
Қала басшысы елор­даның санитариялық-эпиде­миоло­гиялық жағдайына тоқтала келіп, тұрғындардың жаппай улануы қоғамдық тамақтану орындарында тиісті санитариялық та­лаптардың, азық-түлікті сақтау ережелерінің сақталмауынан екендігін атап өтті.
– Азық-түліктің дұрыс сақта­л­-
мауы, тазалық талаптарының орындалмауы, тағамның айналасында жүрген қызметкерлерінің кәсіби деңгейінің төмендігі, бақылаудың жоқтығы – осының барлығы, түптеп келгенде, қаладағы түйткілді мәселеге айналып отыр. Дәмханалар мен асханалардың жұмысы ба­қы­лан­байды. Бұл мәселелерді шешу үшін қаланың барлық құзіретті қызметтері жұмылдырылып, арнаулы рейдтер өткізіп, бақылауды күшейтуі қажет. Қала әкімі 10 мау­­­сымға дейін Астананың бар-лық қоғамдық тамақтану меке­ме­леріндегі санитариялық жағ­дайды тексеріп шығуды тапсырды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button