Қала тіршілігі

СУ САПАСЫ ОЙДАҒЫДАЙ

«Астана су арнасы» МКК сынақ зертханасының қызметкерлері Астана қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемесімен бірлесіп, судың бақылау сапасына арналған су сынамаларын сұрыптады. Тұрғындардың өтініштері бойынша судың сынамалары тұтынушылардың крандарынан, әлеуметтік нысандардан (мектептер, дүкендер, дәріханалар, ауруханалар және т.б. мекемелерде) жүргізіледі. Талдаудың нәтижелері бойынша тұрғындарға үйлерінде берілетін ауызсудың сапасы  бағаланады.

Қала тұрғындарын сумен қамтамасыз ететін – Астана бөгені. Бүгінгі күні су құбыры желілері арқылы таза ауыз суды тәулігіне 200 мың м³ дейін қамтамасыз ететін  сорап-сүзгілеу стансасы сумен қамтамасыздандырады. Су тоғаны стансасында су сүзетін торлар мен тор сызықтар арқылы өтеді, кейін су тазарту ғимараттарында табиғи суды тазарту, суды реагенттермен (алюминий хлорлау оксиді) өңдеу, тұну, сүзгілеу жүргізіледі. Содан кейін су талап етілетін нормаға дейін залалсызданады және су құбыры желілеріне бергенге дейін таза су резервуарларында ұсталады.

Астана бөгені және қаланың су құбыры желілеріндегі сулардың сапасын «Астана су арнасы» МКК аккредиттенген сынақ химия-бактериологиялық зертханасы, сонымен қатар ауызсудың сапасын бақылайтын Астана қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті бекіткен сынамаларды сұрыптау және жұмыс жобасының кестесі бойынша бақылайды. «Астана Су арнасының» күшімен күн сайын 60 нысаннан, дәлірек айтқанда, су таратқыш колонкалар, су айдау стансалары, сорап стансаларынан («Көктал», «Ильинка» ауылдары) су сынамалары алынады.

Зертханалық зерттеулердің жүргізген нәтижелері бойынша Астана қаласының ауызсуы 3.02.2002ж. СанЕжН және «Ауыз су» МЕМСТ қарастырған нормалары сапасының стандарттарына сәйкес келеді.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button