ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Су тасқыны қаупі қандай?

Елорданың су тасқыны қаупі бар аумақтарын аралау жұмыстары жүргізілді.

[smartslider3 slider=160]

2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық қарсаңында ТЖД бастығының орынбасары полковник Е.Байыровтың, сондай-ақ Есіл ауданы әкімдігінің, Есіл бассейндік инспекциясының, «Казводхоз» Ақмола филиалының төрағалығымен елорданың Есіл ауданы бойынша су тасқыны қаупі бар учаскелері және контр­реттегіші бойынша аралау жұмыстары жүргізілді.
Аралау барысында контрреттегішті қайта жаңарту бойынша жүргізілген жұмыстардың сапасына, сондай-ақ Есіл ауданы бойынша су тасқыны қаупі бар учаскелерде тасқын су басу қаупіне ерекше назар аударылды. Көшпелі кеңес қорытындысы бойынша полковник Е.Байыров елді мекендерді су басуына жол бермеу бойынша ұсыныстар мен ауызша тапсырмалар берді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button