ЖаңалықтарҚала тіршілігі
Субұрқақ кешендері қысқа дайындалды

Елордада 1 қазаннан бастап субұрқақ кешендерін қысқа дайындау жұмыстары басталды. Есіл ауданында 25 субұрқақ кешені орналасқан. Бұл ауданда да 1 қазаннан бастап консервация жұмыстары басталды.
[smartslider3 slider=412]
Су кешендері құрылыстарын қысқа дайындау ауа температурасы нөлді құрағанда басталады. Себебі аяздың салдарынан техника бүлінуі мүмкін. Субұрқақтарды консервациялау жөніндегі мамандардың жұмысы күрделі болғандықтан, оларға 1 айға жуық уақыт қажет. Тиісті жұмыстар 1 қарашада аяқталады. Кешендерді көктемге дейін сақтау үшін қажетті тазарту процедураларын жасап, қондырғылардың кейбір бөлшектері алынып тасталып, конструкцияның кейбір бөліктері ағаш төсенішпен жабылады.