Басты ақпаратҚала тіршілігі

Субұрқақ симфониясы

Көне Рим мен Грецияның сәулетшілері ағып жатқан суды қаланы көріктендіруге пайдаланбаққа айналдыра безендіріп, жағалай мәрмәр тас төсеп, сәндеген екен дейді білетіндер. Сол көрініске көз тойдырған өзге елдердің сәулетшілері келе-келе қолдан су көзін жасап қойып, субұрқақты ойлап тауыпты деген болжам бар.

Бертінде, субұрқақтар ару қалалардың сырғасы, шолпысы, алқасы сияқты әшекей құралына да айналып кетті. Сондықтан да, уақыт өткен сайын оның өзінің түр-түрі ойлап табылды. Көше субұрқағы, интерьер субұрқағы, судың ағу динамикасы мен жарықтандырылғанына, безендірілгеніне қарай – «ән салатын», «билейтін», классикалық және мүсіндік субұрқақтар пайда болды.

Бүгінде 122 субұрқағы бар елордамыз да оның заманға сай жетілдірілген, жаңа түрлерінен кенде емес. Мамыр айы­ның басында ашылып, күздің қоңыр салқын күндеріне дейін қосылып тұратын субұрқақтар қала тұрғындары мен қонақтарының көзқуанышына айналған.
Қаладағы субұрқақтарды іске қосып, олардың трубаларын тазартып, техникалық жағын қадағалау «Астана-Зеленстрой» АҚ қызметкерлерінің мойнында.

Субұрқақтар қаланың сән мен сәулетіне үлес қосқан өнер туындысы ғана емес, ол көп жағдайда қалада бағыт-бағдарды айқындап беретін компас та сияқты. Субұрқақ көптің адаспай жолығысатын кездесу орнына айналғалы қашан!..

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button