Жаңалықтар

Субұрқақтар сән береді

Күн жылынып, елордада әсем субұрқақтар іске қосылды. Ел астанасындағы 4 аудан аумағындағы субұрқақтар көшелерге сән беріп, қала тұрғындарына жайлылық сыйлайды.

[smartslider3 slider=2876]

Атап айтқанда, олар: «Ақ орда» субұрқағы, Министрліктер үйі жанындағы «Шаршы және би» мен «Нұржол» бульварындағы «Музыкалық» фонтан. Сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» ғимараты маңындағы «Дөңгелек», «Каскад», «Кит» және Ғашықтар саябағындағы «Колесо и подкова» субұрқақтары бар. «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы маңында, жасыл орамда, ислам мәдени орталығы ауданында, Астаналық цирк және «Құрманғазы» ескерткіші қасында субұрқақтар іске қосылды.

Одан бөлек, «Астаналық» саябағында, дипломатия қалашығында, «Жетісу» саябағында, Бөкейхан көшесі бойындағы «Еңбекшілер» сквері мен Есіл өзені бойындағы саябақта және «Сарқырама» желілік саябағында, EXPO-2017, «25 жылдық» саябағында қосылды. Ботаникалық бақтағы субұрқақ елорда жұрты үшін жаз бойы қызмет етеді. Айта кетсек, елордада субұрқақтардың саны жағынан Есіл ауданы алда.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button