ЖаңалықтарҚала тіршілігі

СУДЫҢ ҚҰРАМЫ ҚАТАҢ ТЕКСЕРІЛУДЕ

o909

Қазір қалада түрлі жұқпалы аурулардың көрініс беруіне байланысты Астана қаласы Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті спорт кешендеріндегі жүзу бассейндеріне тексеру жүргізіп, судың құрамы мен сапасын, қауіпсіздігін анықтау мақсатында сынама алды. Ереже бойынша бассейнде бөгде заттар мен басқа да қалдықтарды жоятын арнайы құрылғы жұмыс істеуі тиіс. Мұндағы су сүзгіден өткізіліп, химикаттармен тазартылуы керек. Осындай бірнеше кезеңдік тексеруден кейін ғана бассейнге түсуге рұқсат етіледі.

Спорт кешендерінде орналасқан бассейндердің тазалығы мен судың сапасын қадағалау барысында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 28 сынама алған.

Бұған қоса, Астана қаласы СЭС қызметінің мамандары энтеровирусты инфекцияның тіркелуіне орай судың сапасы мен қауіпсіздігіне елордадағы және республика бойынша су қоймаларындағы зертханалық тексеруді күшейтті.

«Энтеровирус бассейндерден табылған жоқ. Дегенмен, олар кәріз суларынан табылды. Он сынаманың біреуінен вирус анықталды. Бұл – аталған вирустың қоршаған ортада бар екендігінің дәлелі. Сондықтан, біз жүйелі жұмыс жүргізудеміз» деді ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі төрағасының міндетін атқарушы

Жандарбек Бекшин.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button