Жаңалықтар

СУҒА ШОМЫЛУШЫЛАРҒА САҚТЫҚ ҚАЖЕТ

adb029ea9f4af032a2bbc0c2f9dc0ae4_big

Биылғы жаздың аптап ыстығына шыдай алмаған халықтың жаппай жағажайларды толтырып жатқанын көзіміз көріп жүр. Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сенсек, биылғы шомылу маусымы басталғаннан бері елорда су қоймаларында тоғыз адам суға кеткен.

Құтқарушылардың деректері бойынша, жыл сайын Астана қаласы су қоймаларында жалпы саны 12-ден 25-ке дейін адам көз жұмады екен. Ал, осы қаза тапқандардың 99 пайызы тыйым салынған және жабдықтар орнатылмаған жерлерде шомылу кесірінен бақилық болған.

Астана қаласының суда құтқару қызметтері жыл сайын бірнеше адамды құтқарып келеді. Суға кеткендердің көбінде су жұтып қою және демі тоқтап қалу жағдайлары кездеседі. Тіпті, жүрек соғуы тоқтап қалған кездер де жиі болып тұрады екен. Егер, бұл адамдар жағажайдан алыс жерде болса, жәрдемдесетін білікті мамандардың болмауынан ажалға ара түсу қиындап кетер еді. Сол себепті, қалалық құтқару қызметкерлері суда өзін-өзі ұстау ережесін сақтауды қатаң ескертеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button