#Жаңа Қазақстан

Сұхбатта көп сауалға жауап бар

[smartslider3 slider=2168]

– Кеше Президентіміз ­Қасым-Жомарт Тоқаевтың QAZAQSTAN телеарнасындағы мазмұнды сұхбатын тыңдап шықтым. Сұхбатта халықты толғандырған көп сауалға нақты жауап берілді. Әсіресе, қаңтар қасіреті, кадрлық мәселелер, сыртқы саясат, әлеуметтік және саяси реформалар, ақпараттық саясат, экономикалық мәселелер және өзге де түйткілді тақырыптар сөз болды.

Мемлекет басшысы өз жұмысының басым бағыты ретінде азаматтық қоғаммен және тәуелсіз сарапшылармен диалог екенін де атап өтті. Бұл – «Халық үніне құлақ асушы мемлекет» қағидасына сәйкес келеді және ел-жұрттың көңілінен шыққан маңызды бастама. «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағиданы жарияладым» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Адам, оның өмірі мен әл-­ау­қа­ты елдің басты байлығы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл қағида кез келген дәрежедегі мемлекеттік қызметшінің жұмысындағы басты қағидаға айналуы тиіс. Президент бүгінде қоғамымызда өзекті болып отырған кез келген мәселені талқылауға дайын екенін тағы да көрсетті.

Мен Мемлекет басшысының бұл дүниедегі тағдырымызды өзіміз ғана шеше аламыз деген сөзін толықтай қолдаймын. Бізде бір ғана мемлекет бар ол – Қазақстан. Біздің басқа Отанымыз жоқ. Және біз мұны әрқашан есте ұстауымыз керек.

Ерлан КАНАЛИМОВ,

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының хатшысы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button