Ресми бет

Сүйіндіков Отызбай Сүйіндікұлы

2022 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, еңбек ардагері, Нұр-Сұлтан қаласының құрметті азаматы Отызбай ­Сүйіндікұлы қайтыс болды.

[smartslider3 slider=1815]

Отызбай Сүйіндікұлы 1931 жылы 16 ақпанда Ақмола облысының Қорғалжын ауданында кедей шаруа отбасында дүниеге келген.

1947 жылы Ақмола қаласындағы В.Сталин атындағы орта мектепті (қазіргі уақытта №1 математика-экономикалық лицей) ойдағыдай бітіріп, алғашқы еңбек жолын туған ауылы – Тыңғылықтыда бастауыш мектепте мұғалім болып бастады.

1953 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітіріп, ұстаздық жолын Ақмола қаласындағы Жамбыл атындағы №4 мектепте тарих пәнінің мұғалімі қызметінен бастады.

1959 жылы Ақмола қаласындағы №4 орта мектепке директор болып тағайындалды.

1961 жылы Целиноград обком партиясының ғылым және мектеп бөліміне нұсқаушы қызметіне қабылданды.

1962 жылы Отызбай Сүйіндікұлы қала көлеміндегі барлық мектептердің білім сапасын көтеру, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Целиноград қалалық оқу бөлімінде нұсқаушы болып қызмет атқарды.

1963-1972 жылы №8 мектепке директор қызметіне тағайындалды.

1972-1991 жылдары Әділбек Майкөтов атындағы педагогикалық училищесінің, 1992-1998 жылдары педагогикалық колледжі, ал 1999 жылы гуманитарлық колледжі атауына ие болған оқу орнының директорлық қызметін атқарды.

1956 жылы КСРО Жоғары Кеңесі Президиумы­ның Жарлығымен «Тың игеру» төсбелгісімен марапатталды.

1973 жылы Қазақ ССР және ТЖМ ҚР кәсіп­одақ кеңесінің №227 қаулысымен «Социалистік жарыс жеңімпазы» белгісімен марапатталды.

1976 жылы КСРО және білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ Орталық Комитетінің Білім министрлігі, жоғары білім және ­ғылыми-зерттеу институт арасында «Социалистік жарыс жеңімпазы» белгісімен марапатталды.

1981 жылы КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды.

1986 жыл Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің, Қазақ ССР Жоғары Советі Президиумының және Министрлер Советінің қау­лысы бойынша бесжылдықтың тапсырмаларын орындаудағы аса құрметті табыстары үшін «Құрмет грамотасы» берілді.

1989 жылы Қазақ ССР Жоғары Советі Президиумының указы бойынша «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген білім беру қызметкері» құрметті атағы берілді.

1998 жылы Қазақстан Президентінің Жарлығы бойынша «Астана медалімен» марапатталды.

2001 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды.

2004 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталды.

2005 жылы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасына 10 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталды.

2007 жылы жас ұрпақты оқыту және тәрбие­леу кезіндегі елеулі табыстары үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» белгісімен марапатталды.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан ­Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталды.

2014 жылы гуманитарлық колледждің 70 жылдығына орай «Колледж ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 3 шілдедегі шешімімен Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының білім беру жүйесіне қосқан үлесі, белсенді мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Отызбай Сүйіндікұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Жас ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан ұлағатты ұстаздың, қоғам қайраткерінің жарқын бейнесі ел есінде мәңгілік сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button