Елорда тынысы

«Сүйінші» сыйлығы берілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 16 және 17 желтоқсанда дүниеге келген нәрестелерге Мемлекет басшысының атынан «Сүйінші» тапсырылды.

[smartslider3 slider=1544]

Нұр-Сұлтанда 16 және 17 желтоқсан күндері 150-ден астам сәби дүниеге келді. «Сүйінші» сыйлық жинағына «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» естелік монетасы, туу туралы куәлік, жас ата-аналарға арналған ақпараттандыру брошюралары, жаңа туған нәрестеге арналған түрлі керек-жарақтар мен гигиена құралдары кіреді.

– «Сүйінші» сыйлық қораптарында сәбилерге арналған ең қажетті тауарлар да бар. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау хаты бар . Перзентханадан шығып үлгергендерге сыйлықтары «Қазпошта» арқылы үйлеріне жеткізілді. Біздің қызметкерлер перзентханаларды аралап, босанған әйелдерден баланың туу туралы куәлігін алуға тікелей өтініш алды. Мәліметтер аталған құжаттарды дайындау үшін АХАТ органдарына жіберілді. Мереке күндері ХҚО, АХАТ бөлімдері, медициналық мекемелер, «Қазпошта» қызметкерлері осы бокстарды дайындау үшін жұмыс істеді» деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Сабина Тауан.

«Қызым Бақытгүл 16 желтоқсанда – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы күні дүниеге келді. Бұл – біздің көптен күткен тұңғышымыз. Енді жыл сайын осы күні екі мерекені атап өтетін боламыз. Назарларыңыз бен қамқорлықтарыңызға алғысым шексіз. Мұндай сыйлық аламыз деп күтпеген едік, көңіліміз тіптен көтеріліп қалды» деп алғысын білдірді анасы Алина.

Акция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу және ана мен баланы қолдау шеңберінде өткізіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button