Қоғам

Сұранысқа қарай балабақша саны артуда

Астана қаласында халық саны жыл сайын шамамен 25 мың балаға артып отырады, бұл мектепке дейінгі мекемелерге деген жоғары сұранысты туындатады. 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша балабақша кезегінде: 0–6 жас аралығындағы 48 946 бала; 2–6 жас аралығындағы 25 586 бала тіркелген, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл мәселені шешу мақсатында 2029 жылға дейін 60 балабақша салу жоспарланған. Қазіргі уақытта 5 балабақшаның құрылысы жүріп жатыр, олардың: 2-еуі 2025 жылдың басында ашылады («Нұра» ауданында Әйтеке би көшесінде және «Есіл» ауданында «Пригородный» тұрғын үй алабында);

Қалған 3-еуі 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі («Алматы» ауданында, А123 көшесі; «Ильинка» тұрғын үй алабында, Сырым батыр және Қожаберген жырау көшелері; «Нұра» ауданында, Ұлы Дала даңғылы, «Элингтон» тұрғын үй кешенінде).

Сонымен қатар, 2026 жылға дейін жекеменшік инвестициялар есебінен қосымша 4 880 орынға арналған 20 балабақша салу жоспарланған. Жүктемені азайту мақсатында жыл сайын жекеменшік балабақшаларға 10 317 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылады. Соңғы екі жылда осындай тәсілмен 20 634 орын ашылды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button