Мәдениет

Суретшінің «Ғажайып мекені»

Ұлттық музейде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші Қасен Абаевтың «Ғажайып мекен» атты көрмесі ашылды.

[smartslider3 slider=3224]

1984 жылы Бүкілодақтық «Өнер» байқауының лауреаты атанған Қасен Абаев өзінің ізбасарлар суретшілердің шоғырын тәрбие­леді. Отандық кітап шығару ісіне белсенді атсалысып, ұлттық ерекшелікке негізделген графикаларды салды.

Автордың 18 туындысы Қазақстан тарихында тұңғыш рет Жапонияда көрсетілген. Суретшінің еңбектері Третьяков галерея­сында, Украинаның Т.Шевченко музейінде, Санкт-Петербург, Ташкент қалаларының, Молдова, Португалия, Франция, Испания, Германия, АҚШ және Мысыр музейлеріне қойылды.

Қылқалам шебері көркемсурет, графика және мүсіннің барлық бағыттарында жұмыс жасай отырып, өзінің қайталанбас қолтаңбасымен Қазақстанның кәсіби көркемсурет мектебінің лайықты ізбасары екенін дәлелдеді. Қасен Сейілханұлының туындылары қолтаңбасының ерекшелігімен, ойының тазалығымен, шынайылығымен ерекшеленеді. Шығармашылық туындылары құрлықтық, халықаралық және республикалық көрмелерде жүлделі орындарға ие болды.

«Ғажайып мекен» көрмесіне суретшінің еліміздің тарихынан сыр шертетін көркемсурет, графика және иллюстрация бағыттарындағы 100-ден астам туындылары қойылды.

Іс шара барысында көрме авторына Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының атынан бейнелеу өнеріне қосқан елеулі еңбегі үшін алғыс хат тапсырылды. Өз кезегінде Қасен Сейілханұлы көрмеге жиналған қауымға өз алғысын жеткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button