Мәдениет

Суретшінің кітап-альбомы

Кеше Ұлттық академиялық кітапханада белгілі қылқалам шебері, тележурналист, бірнеше шығармашылық одақтың мүшесі, Көркемсурет академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанұзақ Мүсәпірдің «Zhanuzak» атты кітап-альбомының тұсаукесері өтті. Шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Рухани жаңғыру» мекемесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында ұйымдастырды.

[smartslider3 slider=2708]

Басты мақсат қазақ бейнелеу өнерін насихаттау, суретші Жанұзақ Мүсәпірдің шығармашылығын, оның әлем мәдениетінің қоры мен еліміздің заманауи өнерін дамытуға қосқан үлесін таныту болды.

Жанұзақ Керімбекұлының туындыларында табиғат көріністері этнографиямен астасып жатады. Қазақтың ежелден жалғасып келе жатқан тұрмысы, салт-дәстүрлері көрініс табады. Суреттердің «Көкпар», «Келі түйген қыз», «Құрт жайған келіншектер», «Диірмен тартқан келіншек» сынды атаулары да соны айтып тұр. Оның картиналары, елімізден бөлек, Ресей, Германия, Қытай, Польша және басқа да мемлекеттердегі жеке коллекцияларда сақталған.

Суретші бейнелеу өнерінің түрлі жанрын игерген. Соның ішінде портретті де келістіріп салады. Көпшілік оның Балуан Шолақ портретіне тәнті болып жүр. Осы картинаны саларда атақты халық композиторы мен балуанның ұрпағымен кездесіп, соның кескінін, кітаптардағы келбетін туындысына көшіреді. Айтпақшы, Балуан Шолақ жайлы деректі фильм түсіргені де бар. Бір мұның ғана емес, бірнеше деректі туындының авторы. Иә, қылқалам шеберінің тағы бір қыры – режиссерлік.

Іс-шараға белгілі азаматтар жиналып, тележурналистика мен бейнелеу өнерін қос қанаты етіп алған шығармашылық иесі туралы жылы сөздерін айтып, ізгі тілектерін жеткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button