ДенсаулықЖаңалықтар

Сүт безінің обырынан сақтан!

«2020 жылы әлем бойынша аталмыш дерттің 22 млн-нан астам жағдайы тіркеліп, ақыры сүт безінің обыры 685 мың әйелдің өмірін жалмады. Ауру алғашқы сатысында анықталса, онда емдеуге болады. Әдетте сүт безінің қатерлі ісігі хирургиялық операцияны, сәулелік терапияны, химиотерапияны және гормондарды қолдану арқылы емделеді. Алдымен ісік пайда болады да түтікте немесе лобулада өседі. Бұл инвазивті қатерлі ісік және ешқандай белгілері болмайды. Уақыт өте келе, нөлдік сатыдағы қатерлі ісік өсіп, сүт бездерінің ұлпаларын көбейтіп, инвазивті сүт безінің қатерлі ісігі пайда болады. Әрі қарай ол жақын маңдағы лимфа түйіндеріне таралады. Аймақтық метастаз, ары қарай алыс метастаз, яғни басқа органдарға өту пайда болады» деді №15 қалалық емхананың акушерлік-гинекологиялық қызметінің меңгерушісі Жансая Садуова.

Сүт безі қатерлі ісігінің дамуын ұзақ уақыт бала емізу, тұрақты спортпен айналысу тежейді. Салмағыңызды бақылау да артық болмайды.
«Алкоголь ішіп, темекі немесе оған ұқсас зиянды заттарды шекпеңіз. Сол сияқты гармондарды ұзақ қолданудан да бас тартқаныңыз дұрыс. Сүт безін үнемі тексеріп отыру керек, маммологқа уақытында барып, скринингтен өту қажет. Көбінесе сүт безінің қатерлі ісігі кеудедегі ауырмайтын «түйіншек» немесе «домалақ» түрінде байқалады. Егер кеудеңізде осыған ұқсас бірнәрсе шығып, ешқандай ауырсыну болмаса, дереу маманға хабарласуыңыз қажет. Мұндай белгілер пайда болғаннан кейін жақын арада медициналық көмекке жүгіну жылдам емделуге ықпал етеді» деп түсіндірді Ж.Садуова.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button