Елорда тынысы

Су қоймасының қауіпсіздігі – назарда

Елорданың ТЖД бастығының орынбасары Дастан Алдабеков Астана су қоймасы жөндеуден өтіп жатқанын айтты.

– Астана су қоймасында соншалықты апат болған жоқ. Қазіргі уақытта су қоймасы контрреттегіш режимінде. Бұл дегеніміз – қаланы су тасқынынан қорғау. Қазір су қоймасын жаңарту жұмысы жүріп жатыр. Әкімдікте осы мәселе қаралып, қаржы бөлу жағы шешіледі. Биыл контрреттегішті жаңартуға ақша бөлініп, атқарылатын іс-шаралар аясында Есіл өзенінің арнасын кеңейту мүмкіндігі туады деген ойдамыз. Сонымен қатар су тасқынына қарсы іс-шаралар, бөгетті нығайту, тас төсеу жұмысы жүргізілмек, – деді ол Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button