Елорда тынысы

Су тасқыны кезеңіне дайындық қалай?

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Қуаныш Тоқсарин қалалық Коммуникациялар қызметінің алаңында су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы баяндады.

 

Оның айтуынша, аталмыш департамент мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындықты бастады. Өткен жылдың қыркүйегінде қаланың су тасқыны қаупі бар учаскелерді тиісті комиссия тексерді. 18 учаске бойынша аудан әкімдеріне қажетті шараларды қабылдау туралы ұсынымдар берілді. Биылғы қаңтар айында су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы басталды. Тұрғын үй секторының тұрғындарына түсіндіру жұмыстары, үгіт материалдарын тапсыра отырып, ықтимал қауіпті учаскелерде 51 рейд жүргізілді.

«Бүгінгі таңда коммуналдық қызметтер қаладан 5,4 млн текше метрден астам қар шығарды, 16,4 мыңнан астам метр арық-науа желісі, 10 522 метр коллекторлар, 573 жаңбыр қабылдау құдықтары тазартылды. Су тасқынын тоқтату мақсатында жеке құрамның 581 адамынан, 505 бірлік техникадан, 131 мотопомпадан тұратын азаматтық қорғау қызметтерінің жалпы тобы құрылды. 15 мың текше метр дресва көлемінде инертті материалдардың қорлары дайындалды, тағы 11 мың текше метр инертті материалдарды жеткізуге шарт жасалды» деді Қуаныш Тоқсарин.

Оның сөзінше, төтенше жағдай бола қалса, азық-түлік пен жанар-жағармай материалдарын жеткізуге 14 меморандум жасалды. Тұрғындарды орналастыру бойынша 8 қонақ үймен жалпы саны 2860 орынға меморандумдар жасалды. Зардап шеккен тұрғындарды қабылдаудың 4870 орны, 16 пункт дайындалды. Су тасқыны қаупі бар учаскелерді комиссиялық тексеру жұмыс­тары жалғасуда. Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін ­Өтебаев жауапты мемлекеттік органдарға тапсырмалар берді.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button