Ел тынысы
Су тасқынымен күреске дайындалуда
Алматы ауданының әкімі Рүстем Тауекелов су тасқынынан қорғау мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Су тасқыны кезеңінде жұмыстардың қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін қар шығару және арық-науа желісін тазарту жөніндегі іс-шаралар жоспары мен жұмыс кестесі бекітілді.
Су тасқыны кезеңінде сорғыға 68 бірлік техника, соның ішінде мотопомпалар, АС көліктері, экскаваторлар, МТЗ сорғылары және ПНС пайдаланылады.
Қарды шығару және су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын жүргізу үшін 50-ден астам самосвал мен 300 қап құм дайындалды.