Елорда тынысы

Су тасқынынан сақтануға дайын

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек көктемгі су тасқынына қарсы қандай іс-шаралар жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

– «Қалада су тасқынына қарсы іс-шаралар жүріп жатыр: 26 мың метр арық-науа желісі тазартылды, шамамен 1900 метр құбыр буландырылды, 800 метрден астам коллектор жуылды. Қыс мезгілінің басынан бері коммуналдық қызметтер елордадан 3,5 млн текше метрден астам қар шығарды.

Су басу қаупін азайту үшін әрі көктемгі тасқын суларды өткізуге дайындық бойынша кешенді іс-шаралар жоспары әзірленді. Қаладағы су тасқыны қаупі бар учаскелердің саны өткен жылдармен салыстырғанда 21-ге дейін азайды. Азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер тұрақты дайындыққа келтірілді. Су тасқыны салдарының алдын алу және жою үшін инертті материалдар қоры дайындалды, – деді қала әкімі.

Сонымен қатар қала әкімі мемлекеттік органдардың алдына су өткізу құрылысын тазалауға ерекше назар аудару, су тасқыны қаупі бар учаскелердің, елді мекендердің қарын уақытылы күреуді бақылауға алу және т.б. міндет қойылғанын атап өтті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button