Сумен, жылумен және су бұрумен қамтамасыз ету жұмысы
Астана әкімдігі инфрақұрылымдық нысандарды салу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл нысандар қаланы үздіксіз жылумен, сумен жабдықтаумен, су бұрумен және т.б. қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп мәлім етті astana-akshamy.kz
«Соңғы екі жылда Астана жылыту маусымын алғаш рет жылу профицитімен өткізіп жатыр. 2023 жылы «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» жаңа газ жылу станцияларының іске қосылуының арқасында ЖЭО-3 бірінші кезегінің жылу қуаты 30%-ға ұлғайды. Бұл қаланың қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мысалы, қазіргі уақытта ауаның орташа температурасы -10-15 градус болған кезде жылу генерациясының профициті сағатына 1200 Гкал құрайды.
Бұдан басқа, «Телман» газ жылу станциясының құрылысы жүріп жатыр, келесі жылы «Оңтүстік-Батыс» МТҚ құрылысын бастаймыз, бұл қаланы 2035 жылға дейін жеткілікті жылумен қамтамасыз етеді», – деді Астана әкімі.
Сондай-ақ, Астана әкімдігі 2023 жылы үшінші сорғы-сүзгі станциясының (ССС-3) құрылысын аяқтап, пайдалануға берді. Ол қалаға тәулігіне 100 мың текше метрден астам су жіберуге мүмкіндік жасады, сондай-ақ Астана су қоймасынан екінші су құбырының құрылысы аяқталды.
Келесі жылы Нұра жер асты сулары кен орнынан су құбырын салуға, сондай-ақ Телман сорғы станциясын кеңейтуге кірісу жоспарланып отыр. Ұзақ мерзімді шаралар аясында Сәтбаев атындағы арнадан жаңа су құбыры жобаланып отыр. Осы жобаларды іске асыру 2035 жылға дейін қаланы тұрақты сумен қамтамасыз етеді.
Су бұру проблемасын шешу үшін 2025 жылы өнімділігі тәулігіне 188 мың текше метр КОС-2 құрылысын бастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, сенімді су бұру ісін қамтамасыз ету мақсатында екі тұрғын алапта және Индустриялық парк ауданында жалпы қосымша қуаты тәулігіне шамамен 85 мың текше метр болатын үш жергілікті тазарту құрылысының жобалары әзірленіп жатыр.