Ел тынысы

Елордалықтар Сурдлимпиада қола жүлдегерін қошеметпен қарсы алды

Түркияның Эрзурум қаласында өткен ХХ қысқы сурдлимпиадалық ойындарында классикалық шахматтан командалық ойында ұлттық құрама қатарында өнер көрсеткен елордалық спортшы Сұлтан Қожахметов қола медальді иеленді. Оны кеше елордалықтар қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

«Маған берілген мүмкіндік үшін алғысымды білдіремін. Мен үшін бұл жарыс үлкен тәжірибе болды. Алдағы уақытта да көп жұмыс жасайтын боламыз», – деді Сұлтан Қожахметов.

Спортшыны мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Елорда» спорт клубы мен дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының қызметкерлері мен жақындары қарсы алды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button