Мәдениет

Суретшілер көрмесі ашылды

Астанада акварельмен картина салатын қазақстандық суретшілердің көрмесі ашылды.

Халықаралық акварель күніне арналған көрме IWS GLOBE ART NETWORK қауымдастығының қолдауымен және «Artbaza» коворкинг-шеберлік орталығының негізін қалаушы суретшілер Елизавета Антропова мен Евгения Грекинаның ұйымдастыруымен өтті.

Көрмеге Қазақстанның түрлі қалаларынан барлығы 20 автордың суреті қойылды. Көрменің ашылу салтанатында астаналық суретшілер Айдана Мыңайдарова мен Елизавета Антропова жаңа картина салудан келушілерге шеберлік сабақ өткізді. Іс-шара «Artbaza» орталығында 28 қаңтарға дейін өтеді.

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button