ҚоғамҚұқық

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – еліміздің өзекті мәселесі

Қазақстанның бүгінде күрделі мәселесі сыбайлас жемқорлықпен күресу болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын, әлемдегі барлық елдерді қатты алаңдататыны анық.

[smartslider3 slider=796]

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолында пәрменді нәтижелерге қол жеткізудің бірден-бір жолы – ол халықтың құқықтық сауатсыздығын жою және құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру. Халық өздерінің құқықтарына қандай да бір қарама-қайшы әрекет жасалған жағдайда, қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын білу қажет. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға, негізінен, лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану немесе асыра пайдалану, пара алу, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, сарапшының жалған қорытындысы және тағы да көптеген басқаша заңды бұзушылықтардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. Қазіргі біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының борышы деп санаймыз. Осы ретте «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруа­шылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде осы жоғарыда көрсетілген сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу шаралары бойынша бірқатар жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп отыр. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған, 2020-2021 жылдарға арналған ветеринария саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шараларын жүргізу мақсатында инспекция басшысы қызметкерлермен аппаратық жиналыстарда түсіндірме жұмыстарын үнемі жүргізеді. Ағымдағы жылдың басынан бүгінге дейін барлығы 16, оның ішінде дөңгелек үстел, құқықтық оқытулар мен семинарлар өткізілді.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінде #ANTIKOR.LIVE жобасы аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Айтбай Қалжанұлы Тайжанов және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Мақсұтұлы Ниязовтың қатысуымен онлайн-сұхбат өткізілді. Сонымен қатар басшының орынбасары Әскербек Сырымұлы Құрманғалив Antikor ortalyǵy алаңында #ANTIKOR.LIVE жобасы аясында 2 тікелей эфир өткізді. Инспекцияның құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен 10 тікелей эфир өткізілді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, инспекция мамандарының арасында сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және оның алдын алу бойынша жұмыстар ұдайы жалғасын тауып, жүргізіліп отыратын болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button