ДенсаулықЖаңалықтар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА БІТІСПЕС КҮРЕС ЖАРИЯЛАНДЫ

doctor-money3_medium

Бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті  деп хабарлайды  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. 

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептерді жоюға бағытталған жүйелі іс-шаралар жүргізуде. Әкімшілік іс-шараларды іске асыру, қорытындылар, сертификаттар және өзге де рұқсаттама құжаттарын беру, дәрілік заттарды және медициналық қондырғыларды сатып алу, денсаулық сақтау нысандарын салу, пациенттермен өзара байланыс барысында туындауы мүмкін тәуекелдерді жою үшін негізгі бағыттар бойынша жемқорлыққа қарсы іс-шаралар тиімділігін арттыруға баса көңіл бөлінеді», – делінген хабарламада.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі штаб құрылды.

Сыйбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуда коллегиялық органдар, оның ішінде ҚР Үкіметі жанындағы Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі, Пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісі, Экономикалық және сарапшылар кеңесі, сыйбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия және жекеленген бағыттар бойынша құрылған жұмыс топтары ерекше рөл атқарады. Тұрақты жұмыс істейтін мұндай комиссиялар келешекте ведомствоға қарасты барлық ұйымдарды да құрылатын болады. Коллегиялық органдар отырыстарында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру, тарифтік саясат, құқық бұзушылықтар мен жемқорлықтың алдын алу, стратегиялық және бағдарламалалық құжаттарды іске асыру қорытындылары, сондай-ақ нормативтік құқықтық құжаттар қарастырылады.

Мемлекеттік органдар қызметі ашықтығы өлшемдерінің бірі – үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-әрекеттестік болып табылады. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік тапсырысқа қаржы бөлу қарастырылған. 2011 жылдан бері министрлік 48 үкіметтік емес ұйымға 54 мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастырды.

Сыйбалас жемқорлыққа қарсы орта қалыптастыру үшін барлық ықтимал тәуекел аймақтары анықталды. Орталық аппаратта және ведомствоға қарасты ұйымдарда жемқорлықтың алдын алу мақсатында заңнамамен қарастырылған барлық қажетті ұйымдастыру шаралары қабылданды.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізіле басталғалы стационарлар деңгейінде бірегей тарифтік саясат іске асырылды. 2010 жылдан емдеуге жатқызу порталы іске қосылды. Бұл портал арқылы тіркеу науқастың стационарға жату үшін дәрігерлермен алдын ала келіссөздер жүргізуінің алдын алады. Кезек автоматты түрде белгіленеді, оны өзгерту мүмкін емес. Әрбір емделуші өз кезегін ғаламтор арқылы бақылап отыра алады. Осылайша денсаулық сақтау жүйесінде үрдістердің ашықтығы қамтамасыз етілді. Хаттамалар мен стандарттардың арқасында әрбір емделген жағдайдың құны қанша екені белгілі. Науқас ауруханадан шығу қағазына өзінің еміне қанша ақша кеткенін көріп, қол қояды.

Дәрімен қамтамасыз ету жүйесінде ашықтықтықты іске асыру мақсатында республиканың барлық өңірлерінде автоматтандырылған Дәрімен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі енгізілді. Ол дәрігерлердің рецептті жазуын, әрбір науқастың белгіленген дәріні алуын нақты бақылап отыруға мүмкіндік береді. Өтініштердің көпшілігі сол жерде қарастырылып, шешімін табады.

2013 жылдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрі «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді. Қажет болған жағдайда тексерулер жүргізіледі.

2011 жылдан бастап ведомствоның жетекшілер құрамын алмастырып отыру тәжірибесі енгізілді. Бүгінгі күнге дейін 33 қызметкер орнын ауыстырды, оның ішінде 18-і Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті, 15 қызметкер медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетіне қарасты.

Сыбайлас жемқорлықты жою үшін біліктілік санаттарын беру тетігі өзгертілді. Әңгімелесудің орнына халықаралық тәжірибеге сай біліктіліктері тексеріледі.

Сонымен қатар, Министрлік қызметтер көрсетуді оңтайландыру және автоматтандыру жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда 25 мемлекеттік қызметтің  18-і автоматтандырылды.

Медициналық техниканы жоспарлау және сатып алудың жаңа жүйесі енгізілді. Нәтижесінде бүгінде сатып алу шараларының ашықтығы, жоспарлау сапасы артты. Министрлік, денсаулық сақтау ұйымдары, жергілікті арқарушы органдар, «Қазмедтех» АҚ, «СҚ-Фармация» ЖШС арасында жоспарлау, әзірлеу, ұйымдастыру және сатып алу ісінде міндеттер бөлініп, айқындалды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button