Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің ең басты міндеті – қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру және ел азаматтарының сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыру. Әрбір өндірістің, әрбір мекеменің басшылығына қызмет өкілетін пайдакүнемдік мақсатта пайдалану тиімсіз және мүмкін емес болатындай жағдай құру қажет.
Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мекеменің қызметіне әзірленіп, енгізілетін әрбір стандарттың мақсаты – айқындықты енгізу, қызметкерлердің халықпен қарым-қатынасының қажет үлгісін бекіту. Стандартты қызмет көрсетуге жүгінген тұлға мемлекеттік кәсіпорын қызметкерінен қызметті толық көлемде алуға құқылы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – мемлекеттік кәсіпорынның жұмысшылары мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, толық азаматтық қоғам болуы тиіс мемлекеттік отаншылдық идеологиясының ажырамас бөлігі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы орта, жоғарғы санаттағы оқу мекемелерінде дамыту қажет, себебі ақпараттандырылған, қабілетті және белсенді жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сананы насихаттауға елеулі әсерін енгізуі мүмкін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгілерді енгізу басқару санатындағы ұлттық бағдарлауды мемлекеттік отаншылдықтың бейімделген принциптерін жүргізеді және қалыптастырады. Мемлекеттік кәсіпорындардың және мекемелердің жаңа қабылданған қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларды құру қажет.
Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалары билік, бизнес және азаматтық қоғам арасында дұрыс, мәдениетті қарым-қатынасты орнықтыру маңызды. Құрылымды ұсыныстарды талаптандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жауапты және позитивті әдістерді бағдарлау жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды және көзқарастарды игеретін жас қоғамдастықты қалыптастыруы мүмкін.
Қорытындылай келе, бұл мемлекеттік аппараттың сапасын, біздің азаматтардың заңдылыққа және адалдыққа бейімділік дәрежесін көтеруге мүмкіндік тудырады. Басқа сөзбен айтқанда, осы сияқты жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат негізінде адал өмір сүріп, бедел қалыптастырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың міндеттері:
– сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның себептері және әлеуметке төндірер қаупі мен зияны туралы жалпы көзқарас қалыптасуы қажет;
– пара-пар талдау әлеуметтік құбылыстың жеке бағасын қалыптастыруға ықпал етеді;
– құқықтық және моральдық-этностық нормалармен сәйкестендіріп, әрекеттердің стандартын қалыптастыру үшін сыбайлас жемқорлық туралы білім кешенін қалыптастыру;
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің уәждемесін ынталандыру;
– сыбайлас жемқорлық көрінісіне төзуге болмайтындай жағдай қалыптастыру;
– азаматтарға демократиялық құндылықтардың маңызын түсіндіру, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
– жеке, әлеуметтік, танымды және мәдени құзыреттілікті және т. б. жетілдіру;
Осыған орай, сыбайлас жемқорлық жағдайының мемлекеттік кәсіпорындарда немесе мекемелерде жоқ болуы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың, оған қарсы тәрбиенің негізгі құраушысы бола отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар кешені болмақ.
Э.ТУРАБЕКОВА,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры