Ел тынысы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинарлар өтуде

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаменті түрлі ұйымдар мен органдарда семинарлар өткізуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz 

Солардың осы аптада өткен бірқатарын назарларыңызға ұсынамыз

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы новеллаларды түсіндіру бойынша zoom-конференция арқылы мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өткізді.

Тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері жеткізілді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар пакеттері, сондай-ақ бей-жай қарамайтын азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін құрылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы көрсетілді.

*         *        *

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментімен бірлесіп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта дәріс өткізілді.

Елорданың квазимемлекеттік ұйымдарының комплаенс-офицерлері мен қызметкерлері қатысқан кездесуде Астана қаласы бойынша Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің орынбасары Фархат Иманғалиев квазимемлекеттік сектор субъектілерінде, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа орналастыруға қатысты айтты.

Сондай-ақ, қызметкерлерге мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы түсіндірілді, сондай-ақ 2023 жылдың қорытындысы бойынша №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру туралы ақпарат жеткізілді және 2024 жылға арналған жоспарлармен танысты.

Семинар барысында еріктілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік тәжірибесімен, жетістіктерімен, нәтижелерімен бөлісті. Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі құқықтық қағидаттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдардың құқықтарын қорғауға баса назар аударылды.

*         *        *

29 наурыз күні Астана қаласының Қоғамдық кеңесі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Комитетінің отырысы өтті.

«Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ және «Астана-Зеленстрой» ЖШС қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдаулардың нәтижелері, білім беру саласындағы бюджет қаражатын жоспарлау және игеру жөніндегі ұсынымдардың орындалуы талқыланды, сондай-ақ елорданың проблемалық объектілерінің құрылысын аяқтау жөніндегі мәселелер қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша Астана қаласының қоғамдық кеңесі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитеті осы отырысқа қатысқан басқарма басшыларының міндетті түрде орындауы үшін ұсынымдар берді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button