Жаңалықтар

Сыбайластықпен күрес саябырсымайды

Бас редакторлар клубы Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы, «Көкбозат» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Қоғамдық тыңдау ұйымдастырды. Шара «Азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлықпен күресте алар орны» тақырыбында өтті. Қоғамдық тыңдауға мемлекеттік органдар өкілдері, саяси партиялардың жетекшілері, қалалық мәслихат депутаттары және ҮЕҰ мүшелері шақырылды. Бас редакторлар клубы атынан бұл шараға клуб мүшесі, «Turan Time» газетінің бас редакторы Видади Салахов қатысты.

Басқосу барысында сыбайлас жемқорлықпен күресуде азаматтық қоғамның беделін одан әрі арттыру, мемлекеттік органдарға деген сенімділікті күшейту, сондай-ақ осы салаға қатысты заңдылықтарды жетілдіру үшін нақты да айқын ұсыныстар енгізу қажеттігі жан-жақты сөз болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button