Мәдениет

Сымқобыздың сырлы сазы

Астанада Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ оркестрінің сымқобыз тобының концертмейстері, мәдениет саласының үздігі Ботагөз Тәшімованың «Асыл қазына» атты концерті өтті.

Ботагөз Тәшімова А.Жұбанов атындағы республикалық музыкалық мектепті бітірді. Фуат Мансұров, Шамғон Қажығалиев, Айтқали Жайымов, Дүйсен Үкібай сынды белгілі дирижерлермен үлкен сахналарда өнер көрсетті. 2002 жылдан бастап Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ оркестрінің әртісі, қобыз-прима тобының концертмейстері. Концерттік сапармен Түркия, Ресей, Қытай, Германия, Австрия, Италия, Франция елдеріне барды.

Классикалық және заманауи шығармалардан құралған «Асыл қазына» концерт бағдарламасы әр алуан бағытта өрбіді. Кешті қазақ музыкасының классигі Ахмет Жұбановтың «Вальсі» ашып, Мұқан Төлебаевтың «Поэмасы» мен Й.Брамстың әйгілі «Венгер биі» орындалды. Сергей Рахманиновтың «Романсы» мен Д.Шостаковичтің «2 скрипкаға арналған 5 пьесасы» да кештің көркін аша түсті.

Отандық композиторлардың шығармалары да кештің көркін кіргізді. Арман Жайымның «Күй дастан» фантазиясы қобыз бен заманауи музыканың үндес­тігін көрсетсе, Нұр Дәуітовтің «Қыздар биі» қобызшылар ансамблінің орын­дауында тыңдарманды ұлттық әуезге жетеледі. Концертте концертмейстер Анар Межкенова, сондай-ақ халықаралық байқаулардың лауреаттары Арайлым Тұрмағанбетова мен Алина Әуесхан, К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ұстазы, сырнайшы Толқынхан Самғар өнер көрсетті.

Дайындаған Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Check Also
Close
Back to top button