#Жаңа Қазақстан

Сын сағатта сырт қалмайық

-Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы басталды. Мен де сайлау учаскелері ашыла салысымен алғашқылардың бірі болып дауыс бердім. Бұл күн біз үшін жауапты күн. Өйткені, еліміздің болашағын айқындауға, Қазақстанның гүлденуіне таңдау жасаймыз. Мен де өз таңдауымды жасадым. Балаларымыздың болашағы, еліміздің кемел келешегі үшін дауыс бердім.

53 сайлау учаскесінде дауыс бердім. Алғашқылардың қатарында аға буын өкілдерімен бірге жастардың белсенділігін байқап,  ертеңгі күнге деген сенім мол екенін аңғардым. Қатар тізіліп кезекте тұрған сайлаушыларды көрмесек те, дауыс беруге келгендердің қарасы көп екені көңіл қуантты.

Сайлау учаскелеріне келген сайлаушылардың көп екендігін көріп қуандым. Бұл дегеніміз – әрқайсымыз еліміздің гүлденіп, әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына мүдделі екенімізді көрсетеді. Ендеше, ел тағдыры шешілетін сын сағатта сырт қалмай, сайлауға белсенді қатысуға шақырамын!

Кәрімбек Құрманәлиев,

академик, Қоғамдық Кеңестің мүшесі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button