Жаңалықтар

«СЫНҒАН ТЕРЕЗЕЛЕР»

Елордалық полицейлер «Сынған терезелер» бағдарламасы шеңберінде қалалық коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесе криминалдық қылмыс орын алатын аумақтарды ретке келтіруге кірісті.

Биылғы жылдың сәуір айында Мем­лекет басшысы қала активімен болған кездесуде батыс елдерінің сырттай қоршау арқылы қылмысты анықтау бағдарламасын тәжірибемізге қолдану керектігін айтқан еді. Мұндай бағдарлама арқылы қоғамдық тәртіпті сақтау, ұсақ құқықбұзушылықты анықтау әлдеқайда тиімді. АҚШ елінде бұл бағдарлама «Сынған терезелер» деп аталады. Жобаны ұйымдастырушы қала полицейлері барынша криминалды аумақты таңдап, әлеуметтік және коммуналдық қызмет өкілдерін жұмылдыруда. Мәселен, кеше «Технопарк» территориясында (Республика даңғылы, 58 үй) бағдарлама шеңбернде іс-шара өтті. Бұл аумақ – абаттандырылмаған, тұрғылықты жері жоқ жандардың жиі бас қосатын жері. Сондықтан, мұнда тәртіп бұзушылық көп кездеседі. Белгілі болғандай, аумақ иесіз қалған автокөліктердің тұрағына айналған. Шағын ауданның сыртқы көрінісі елордалық статусқа сай келмейді. Коммуналдық қызмет өкілдері мен астаналық тәртіп сақшылары алдағы уақытта мұндай орындарды жойып, қауіпсіз өмір сүруге жағдай тудырмақ.

*пікір

Талғат ЖАМАНҒАРИН, Сарыарқа аудандық ІІБ Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы:

– Құқық бұзушылықтың профилактикасы бойынша жұмыстың жаңа нысаны мен әдісін енгізу мақсатында Ішкі істер министрлігі «Сынған терезелер» профилактикалық бағдарламасын енгізуді ұсынды. «Сынған терезелер» – психофизиологиялық криминологиялық тұжырымдамасына сәйкес қылмыстың жасалуына ықпал етеді. Сарапшылардың пікірінше, девианттық мінез-құлыққа қала көшелеріндегі тәртіптің болмауы жатады. Сыртқы тәртіпсіздік (сынған терезелер, электр жарығының болмауы, қараусыз қалған машиналар, көшелердегі қоқыстар) бұл –әлеуметтік бақылаудың болмауы, жазасыз қалу, қирап, бүліну және биліксіз қалу белгілері. Бұл аумақтың қадағалаусыз және бақылаусыз қалуына, биліктің жоқтығына, сол себепті, егер бір терезе сынса оған ешкім мазаланбаса, онда басқа терезені сындыруға болатынына сендіреді. Бүгінгі іс-шарада бұл мәселелер кеңінен қарастырылды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button