Жаңалықтар

СЫПАЙЫ ЖҮРГІЗУШІНІ АНЫҚТАДЫ

e36aefb6f48a3bf9a8e093bf531

«Жастар» сарайының жанындағы жаяу жүргіншілер өткелінде «Сыпайы жүргізуші» акциясы өтті. 

Акция барысында жол-күзет полициясы инспекторлары Астана қаласының орталық көшелеріндегі қарбалас сәтте өздерін тәртіпті ұстап, реттел­мейтін жолда жаяу жүргіншілерді өткізіп жіберетін, басқа жүргізу­шілерге де жол беретін, былайша айтқанда, жол жүруде мәдениет пен сыпайылық ережелерін негізге алатын жүргізушілерді анықтады.
Тәртіп сақшылары сақтандыру компанияларының бірімен және «Авторадио Қазақстанмен» бі­рігіп жүргізушілерге алғыстарын айтып, кәдесыйлар мен сыйлықтар табыстады. Ал, жол қозға­лы­сының жас инспекторлары олар­дың автокөліктерінің артқы терезелеріне арнайы жазылған «Сыпайы жүргізуші» стикерін жабыстырады.
«Жүргізуші де – жаяу жүргінші» акциясы кезінде жол тәртібін бұзған автокөлік иелеріне айыппұл төлеудің орнына өздерін жаяу жүргінші ретінде сезініп, реттелмеген жаяу жүргінші жолымен жүріп өту ұсынылды. Бұдан кейін полицейлер жас инспекторларымен бірге жүргізушілерге көрнекі насихаттық құралдар таратып, профилактикалық әңгіме өткізді.

Сағи ОРАЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button