Басты ақпаратМәдениет

СЫРЛЫ ҚОБЫЗ, САЛ ДОМБЫРА САЗ ТӨКТІ

Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі – күздің ерекше дәстүрлі мерекелерінің бірі. Жыл сайын қаламыздың мәдени ошақтарында мемлекеттік тілді құрметтеу мен ұлы Абайдың тілін жырлау шараларын өткізу игі дәстүрге айналып отыр.

Осы орайда Алматы ауданында орналасқан Жамбыл Жабаевтың ескерткішінде, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, «Жырла, жырла, сырлы қобыз, сал домбыра» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекенің шымылдығын ашқан Алматы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубек Байболов барша жиналған қауымға жақсылық тілеп, жастарға «Жамбылдың жасын берсін!» деп тілек айтты.
Жыр алыбы – Жамбылға осы күні тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылды.
Алматы ауданының оқу орындары және «Қарақат» мектеп-студиясы шәкірттерінің өнерпаздары көрермендерін өз өнерлерімен тәнті етіп, қошеметке ие болды.

Қазақтың қара домбырасының үнімен дүйім жұртты баураған Сұлтан Қадыров, Дильназ Нұржанова, Оқушылар сарайының ұршықтай үйірілген биші қыздары мен Малика Алиханова, Шұғыла Төлепова, №44 орта мектептің «Алға, қазақ жігіттері» деп ұрандайтын, көрермендердің көзайымына айналған Досжан Сарбасов, Құрманғазының күйлерін күмбірлете тартқан №3 музыка мектебінің ансамблі және өнер мектептерінің ұстаздары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button