Ел тынысы

Сыртқы саясатты жүргізуде орасан зор жұмыстар атқарылуда

Мемлекет басшысы Тоқаев Қасым – Жомарт Кемелұлы “Ана тілі” газетіне берген сұқбатында: “Орта державаның мәртебесін нығайту туралы” өз пікірін білдірді.

Пікірге қосатыным мемлекет басшысы сыртқы саясатты жүргізуде орасан зор жұмыстар атқаруда. Қазақстан көпжақты ынтымақтастық, жаһандық қауіпсіздікті нығайту және тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында БҰҰ орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін жоспарлы бастамаларды іске асыруда.

Қазақстан жаһандық аренада Қытай, Ресей және АҚШ секілді алпауыт мемлекеттермен қатар, орта державалармен ынтымақтастықты нығайта отырып, Еуразия аймағында бейбіт өмірді қалыптастыруда.

Орта Азияда тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз ету еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді, инвестиция салуға жайлы орта құрады, халқымыздың өмір сүру сапасын арттыратын болады.

Ана баласымен, бала анасымен бейбіт заманда өмір сүрсін! Ана тіліміз аман, еліміздің іргесі берік, шаңырағы биік болсын! Жаңа жыл елімізге құт – берекесін ала келсін!

Ғалиасқар Сарыбаев, 

ҚР Парламенті Сенатының депутаты 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button