Қала мен Сала

Сыртқы жарнама сынға ілікті

Жыл басынан бері Алматы ауданы бойынша 400-ден астам заңсыз жарнама конструкциялары жойылды. Жүргізушілерге көрініске кедергі келтірген жол бойындағы көліктегі 47 құрылым алынып тасталды.

Жақында Алматы ауданы әкімінің орынбасары ­Рахматулла Аблазимовтың төрағалығымен сыртқы жарнама саласындағы реттеу мәселелерін шешу бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Кездесу барысында белгіленген жарнамалық құрылымдарды бақылау бойынша жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс тобының қызмет бағыттары мен жұмыс перспективалары белгіленді.

Егер сіздер сыртқы (көрнекі) жарнама ережелерін бұзушылыққа тап болсаңыз немесе 1000 орын – көше сау­дасы бағдарламасына қатысу туралы сұрағыңыз болса, 87172 (55-18-20) телефоны бойынша аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөліміне хабарласа аласыздар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button