Елорда тынысы

«Tabigat & Science» фестивалі өтеді

2024 жылдың 21 қыркүйегінде елордада бүкіл отбасы мүшелері үшін ең ірі ғылыми-танымал  — PRO.NRG FEST 2024 «Tabigat & Science» фестивалі өтеді деп хабарлайды astana-akshamy.kz

PRO.NRG FEST 2024 «Tabigat & Science» — бұл қазіргі ғылымның арқасында адам мен табиғаттың үйлесімді өмір сүруіне жаңа көзқарас туралы білуге болатын орын.

PRO.NRG FEST 2024 «Tabigat & Science» фестивалінде ғалымдар мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына күрделі нәрселерді қарапайым тілмен түсіндіреді, ал мұғалімдер балаларға арналған сабақтарды қалай жарқын, тартымды және қызықты ету керектігін айтады.

PRO.NRG FEST Қазақстандағы ең ірі ғылыми-танымал фестивальдердің біріне айналды. Биыл фестиваль үшінші рет өтеді! Өткен жылы барлық отбасы мүшелеріне арналған бұл ағарту фестиваліне 6,5 мыңнан астам көрермен қатысты.

Фестивальде сізді не күтіп тұр:

  • 30-дан астам ғылыми-көпшілік дәрістер, шеберлік-класстар, интерактивтер мен практикумдар,
  • Бағалы сыйлықтар ұтыс ойынымен фестивальді геймификациялау,
  • Ғылым мен өнер ынтымақтастығы: ғылыми шоу бағдарламасы, тірі тәжірибелер және қойылымдар,
  • YEMAA Art Space жобасының арнайы көрмесі,
  • Әр түрлі форматтағы көптеген маңызды контент,
  • Білім беру экспонаттары, воркшоптар және презентациялар.

Фестивальдің негізгі мақсаты -заманауи ғылым арқылы адам мен табиғаттың үйлесімді өмір сүру мүмкіндігін көрсету.

PRO.NRG FEST 2024 «Tabigat & Science»Қазақстанда STEAM-білім беруді дамытатын «Caravan of Knowledge» корпоративтік қорының бастамасы бойынша өткізіледі.

Sscience (ғылым), Ttechnology (технология), Eengineering (инженерия), Aart (шығармашылық) және Mmathematics (математика). Бүгінгі таңда STEAM-білім беру пәнаралық және қолданбалы тәсілдерді қолдануға, сондай-ақ барлық бес пәнді бірыңғай оқыту схемасына біріктіруге негізделген.

Фестивальдің үшінші мәрте  бас серіктесі «Шеврон»компаниясы. Бұл компания ғылымға, жаңа технологияларға және тиімді білім беру шешімдеріне деген қызығушылықты арттыратын бағдарламаларды жүйелі түрде қолдайды.

Стратегиялық серіктес — Білім министрлігі.

Операциялық серіктестер— Целинный, УЕМАа, KilenHub.

Ақпараттық серіктес — Weproject.media

«NRG-Fest — еліміздегі отбасылық- ағарту тұжырымдамасы мен қатысушылар үшін еркін кіру мүмкіндігі бар жалғыз шара .Жылдан жылға біз білім беру контекстін ғана емес, сонымен қатар қоғамда жаңа шығармашылық ойларды тудыратын жаңа тақырыптарды талқылаймыз. Бұл жолы біз ғылымның әртүрлі аспектілері арқылы адамның табиғаттағы рөлін және табиғаттың адамда жүйе ретінде көрінуін көрсеткіміз келеді. Спикерлердің кәсібилігі бұл тақырыпты кез-келген жас санаты үшін ашуға мүмкіндік береді. Барлық тілек білдірушілер үшін құнды білім ұсыну Шеврон компаниясының қолдауымен мүмкін болып отыр»,— деп атап өтті «Caravan of Knowledge» қорының басшысы Зарина Биюмбаева.

PRO.NRG FEST 2024 ФОРМУЛАСЫ — Болашаққа дайындық: ғылым, табиғат және шығармашылық!

Фестиваль барысында балалар үшін интерактивті аймақтар құрылады, онда олар өздерін нағыз ғалымдар ретінде сезінеді. Геймификация форматында олар инженерия мен ғылыми шығармашылықпен айналысады, жасанды интеллект арқылы ғарышты зерленеп, мемдер, аниме, фильмдер мен мультфильмдер арқылы тарихты зерттейді. Ең белсенді қатысушылар ақылды сыйлықтар ала алады.

Ата-аналар үшін сараптамалық дәрістер дайындалды, сондай-ақ ойындар арқылы өз баласын қалай дамыту керектігін, қазір білім берудегі трендтер, баланың мүдделерін ескере отырып, оның назарын қайда бағыттау керектігін біле алады.

PRO.NRG FEST 2024  2024 жылдың 21 қыркүйегінде Астана қаласында, EXPO Astana халықаралық қаржы орталығы (AIFC), Мәңгілік ел даңғылы, 55/18, Есіл ауданы мекенжайы бойынша шоу, перфоманс, дәрістер және практикалық сабақтар элементтері бар білім беру фестивалі форматында өтеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button