2022 - Балалар жылы

Табиғат аясындағы тәрбие

Балалар жылы аясында елорданың іргесіндегі «Сарыжайлау» этнографиялық ауылында «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебінің ұйымдастыруымен «Дара» шешендік оқу орталығының балаларына арналған «Экософия. Киелі табиғат» тақырыбындағы рухани-танымдық сабағы өткізілді. Оған Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп қатысты.

[smartslider3 slider=3723]

Іс-шараның мақсаты – баланы табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетке үйрету, адал еңбектің маңызын ұғындыру, кітап оқуға баулу, кітапқа деген құштарлығын арттыру, ана тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру, қабілетін ашу, жан-жақты дамыту.

Балалар орман аралап, ­самаурын қайнату үшін ­шыршаның бүрін, қураған тал жинады. Табиғатты ­қорғауға үйреніп, ұлттық ойындар ойнады. «Ертегі – ел ертеңі» жобасы аясында балаларға ертегі оқылды, сыйлыққа ертегі кітаптар таратылды. Балаларға киіз үй, ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігі жайлы мағлұмат берілді. Балалар шешендік өнерін көрсетті. Іс-шараға 20 бала және 10 ата-ана қатысты.

«Дара» оқу орталығының ұстаздары мен ата-аналар да «Қара шаңырақ» мектебінің ұрпақтың рухани-өнегелік тәрбиесі жолындағы атқарып отырған жұмысына ризашылығын білдіріп, бірлесіп ынтымақтастықта жұмыс істеу жайлы ойын жеткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button