БілімЖаңалықтар

Табиғатқа жанашыр

Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 «с»  сынып оқушысы Сәнім Зейінғабыл Қазақстанның ресми эко-амбассадоры атанды.

[smartslider3 slider=456]

Эко-амбассадор – экологиялық бастамалар мен жобаларды көпшілікке насихаттайтын маңызды тұлға. Табиғат жанашырларына экологиялық жобаларды ілгерілетуге, экологиялық сананы дамытуға, күнделікті өмірде экологиялық қағидаларды ұстану қажеттілігіне ықпал ету ерекше міндеті жүктелген.
– Менің жобам – мектептегі экологиялық қозғалысты дамыту, танымдылықты арттыру болатын. Сондықтан мен эко-клубтың көшбасшысы ретінде өткен жыл бойы онлайн режимде көптеген республикалық және халықаралық іс-шараларды өткіздім. Мәжіліс депутаты, министрліктің өкілдері, бизнес өкілдері, Қазақстандағы экологияны негіздеген өкілдермен жұмыс атқардым. Халықаралық іс-шарадан кейін министрлік өкілдері жасалған жұмысты ескере отырып, мектептің ұсынысымен мені Қазақстан Республикасының ресми Эко-Амбассадорлығына ұсынды, – деді Сәнім Зейінғабыл.
Жас табиғат жанашырының айтуынша, адам қоршаған ортаның тазалығы үшін жауапкершілікті өзіне алып, электр энергиясын, суды үнемдеу, экологиялық тұрғыда, таза өнімді қолдану сияқты қарапайым ережелерді сақтай білуі қажет. Бұл тұста, Назарбаев Зияткерлік мектептері эко белсенділерді үнемі қолдау үстінде.
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелеттің айтуынша, жыл сайын қолайсыз экологиялық жағдайлардың, әсіресе, ауа мен судың ластануының салдарынан бес жасқа дейінгі 1,7 миллион бала қайтыс болады. Бұл – бүкіл әлемдегі балалар арасындағы өлімнің төрттен бір пайызы.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button