#Жаңа Қазақстан

Табиғатты аялау – қасиетті борыш

ҚХП Шымкент қаласы филиалының ұйымдастыруымен «Таза қала» іс-шарасы өтті. Онда партия өкілдері тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға шақырып, ҚХП сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Акцияның басты мақсаты – қала тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға, қаланы қо­қыстан тазартуға тарту. Шарада қатысушылар ағаш көшетін отырғызып, қаланың көгал­дануына өз үлесін қосты.

– Халық партиясы Қазақстанның барлық қаласында сәулет ерекшелігін және оның тарихи құндылығын ескермей, ретсіз әрі тығыз салынатын құрылысқа қарсы. Сондай-ақ, қалалар мен ауылдардағы таза ауа мен сәулетті келбетті қолдайды, – деді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, партияның қалалық филиалы сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында 8 мың адамды қамтыған елуге тарта іс-шара өткізген. Сонымен қатар Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын та­ныстырып, Шымкент жұртының талап-тілегін назарға алған.

Іс-шарада білім, денсаулық, жұмыссыздық пен көпбалалы аналар мәселесі де айтылды.

– Әйелдерге барлық салада қолайлы жағдай жасау – партия­ның алдағы бес жылда атқаратын ісі. Біріншіден, әрбір қазақстандық әйел ана бақытын сезінуі керек. Ол үшін барлық жағдайды жасаймыз. Дені сау ана – дені сау балалар. Бүгінгі біздің міндетіміз – оларға көмектесу және қолдау көрсету. Ана болу – әйелдің басты мақсаты, – деді Г.Танашева.

Сондай-ақ, акция барысында ұйымдастырушылар жастарды отансүйгіштікке шақырып, 19 наурызда болатын сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button