Жаңалықтар

Табысты ынтымақтастық жалғасады

edd92b0c036e650bb2b4a8fee588c5f4

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы  Г.Әбдіқалықова БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі  Ю.Оксамитныймен кездесті.

Мемлекеттік хатшы Юрий Оксамитныйды лауазымға тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан мен ЮНИСЕФ арасындағы табысты ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді. Г. Әбдіқалықова әлемдегі және Қазақстандағы балалардың жағдайын жақсартудағы ЮНИСЕФ-тің маңызды рөлін, сондай-ақ БҰҰ-ның даму мақсатындағы көмек көрсету жөніндегі негіздемелік бағдарламасын (ЮНДАФ) орындау бойынша еліміздегі мемлекеттік органдардың белсенді жұмысын  атап өтті.

ЮНИСЕФ-пен өзара байланыс арқылы және 2010-2015 жылдарға арналған елдік бағдарламаның аясында отбасы мен  қоғамның әлеуетін нығайту, әлеуметтік және басқару саясатын әзірлеу, әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар табысты жүзеге асырылуда. Бағдарлама басымдықтарының бірі Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының, бұған қоса Семей сынақ алаңы мен Арал аймағындағы балалардың жағдайын жақсарту болып табылады.

БҰҰ-ның балалар құқықтары бойынша комитетінің ұсынымдарын орындау бойынша Үкімет тарапынан ювеналдық юстиция жүйесін дамыту, балалар еңбегін қанаудың алдын алу, жетім қалған балаларды отбасы тәрбиесінің баламалы түрлерін енгізу, мүгедек балаларға айрықша қажетті заттармен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдануда.

 Кездесуге қатысушылар балаларды қорғаудың өзекті мәселелерін, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму салаларындағы ынтымақтастықтың алдағы келешегін талқылады.        

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button