Жаңалықтар

Табысты жоба

«Астана – жаңа қала» АЭА 20 жылда өзін-өзі ақтап, елордамыздың экономикалық дамуына үлес қосты. Арнайы экономикалық аймаққа кіретін кәсіпорындар 20 жыл ішінде 116 млрд теңге салық төлеген. Бұл №1 индустриалдық парктің инфрақұрылымын салуға бөлінген сомадан бес есе артық. Яғни жұмсалған шығындар бірнеше рет өзін ақтады.

[smartslider3 slider=967]

2018-2020 жылдары АЭА-ға қатысушы кәсіп­орындар өндірген өнім көлемі 345-тен 800 млрд теңгеге дейін ұлғайған. 2021 жылы мұнда инвестиция көлемі 11 млрд теңге болатын 10 өнеркәсіптік кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр. Ал барлық жобаларға салынған жеке инвестициялардың жалпы сомасы 200 млрд теңгеден асады. Мәселен, биыл жиһаз, кеңсе тауарлары, жылу оқшаулағыш құбырлар мен темірбетон бұйымдарын шығаратын
4 зауыт іске қосылды, қосымша 100-ден астам жұмыс орны ашылды. 2022 жылы жеке инвес­тицияларға 25 млрд теңге сомасына 13 кәсіп­орын салу және іске қосу жоспарлануда, яғни 1300 жұмыс орны ашылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button