Тәлімгерлік тағылым
Мемлекет басшысы ел дамуының жаңа кезеңінде мемлекеттік қызметті жаңғыртудың басым бағыттарының бірі ретінде ілгерілету міндетін қойды. Мемлекеттік қызметші қашанда өз ісін адал және мінсіз атқаруы керек, себебі елдің ертеңі білімі мен біліктілігі үйлескен мемлекеттік қызметшілердің қолында.
Жаңа Қазақстанның жаңа саясатына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің қандай бағытта қызмет атқаратыны, қандай маман болатындығы өте маңызды. Тәжірибе жинақтау, білім алу және тәлімгерлік – қызметкердің даму жүйесінің негізгі элементтері.
Мемлекеттік қызметтің беделін нығайтып, мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру, мемлекеттік қызметшілердің болмысын қалыптастыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасына сәйкес барлық аймақтарда құрылған «Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының ел игілігі жолында адал қызмет атқарып жүрген мемлекеттік қызметкерлерге берері мол. Мемлекеттік басқарудың сабақтастығы, рухани-адамгершілік бағдарларды және құндылықтардың тұрақты жүйесін қалыптастыру мен басшылық лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына және бейімделуіне көмектесу, кадр құрамының тұрақтылығын қамтамасыз ету – басты мақсат. Кеңес арқылы қазіргі буын басшылары мен мемлекеттік қызмет ардагерлерінің үйлесімді жұмысы сабақтастықты дамытуға септігін тигізеді деп күтілуде.
«Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы құрылғаннан бастап, бүгінгі күнге дейін бірқатар өзекті тақырыптар көтеріліп, оларды шешу жолдары мен қоғамның қазіргі заманғы талаптарына сәйкес тәлімгерлікті дамыту стратегиясын әзірлеу үшін жұмыс нәтижелерін талқылау және талдау мен нақты қадамдар ұсынылды. Осындай іс-шаралардың өткізілуі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес қазіргі буын басшылары мен мемлекеттік қызмет ардагерлерінің арасындағы сабақтастықты дамытуға және мемлекет үшін адал қызмет ететін кадрларды жұмысқа тартуды және кәсібилендіруді қамтамасыз ететіні анық.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Астана қаласы бойынша департаменті