Ел тынысы

Тәуелсіз сарапшылар институты пайда болды

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда медициналық ұйымдар медициналық-әлеуметтік сараптамаға (бұдан әрі – МӘС) сырттай проактивті форматта жіберетін азаматтарды куәландыру жөніндегі тәуелсіз сарапшылар институты енгізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Тәуелсіз сарапшылар институтын енгізу денсаулық сақтау ұйымдарының бейінді мамандарын медициналық-әлеуметтік сараптамаға тартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ МӘС қызметін кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге ықпал етеді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тәуекелдерін азайтады және мүгедектікті белгілеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырады.

Осы институтты тиімді енгізу мақсатында 2024 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейін пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптамаға тәуелсіз сарапшыларды тарту тетігі сыналды. Пилоттық жобаға 18 дәрігер қатысып, МӘС-тің 7 532 актісі қаралды.

Пилоттық жобаның нәтижелері бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қазіргі уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізіліміне енгізу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдауда. Өтініштер Әлеуметтік қызметтер порталы (aleumet.egov.kz) арқылы беріледі, бұл ретте үміткерлер дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.

Бұрын хабарланғандай, бүгінде сырттай куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі. 2025 жылдың басынан бері осы форматта Қазақстанның барлық өңірлерінен МӘС-ке түскен 8,5 мыңнан астам өтінім қаралды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button