Басты ақпаратҚала мен Сала

Тәуелсіздік даңғылында көпір ашылады

Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылына өтетін көпірдің құрылысы ұзаққа созылғаны анық. Биыл осы көпір пайдалануға беріледі.

Бұл көпір қаладағы Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы ауданы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Әзірет Сұлтан мешітінің аумағы, Байтұрсынов көшесі, Қордай, Айнакөл, Момышұлы даңғылының сол жақ жағалауымен қосымша байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

– Биыл Тәуелсіздік даңғылында Есіл өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін ашамыз. Аталмыш көпірдің құрылыс барысымен таныстым, ол көлік қозғалысын едәуір жылдамдатады: Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы аумағы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Әзірет Сұлтан мешіті, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелері, Момышұлы даңғылы және сол жағалау арасында қосымша байланысты қамтамасыз етеді, – деді қала басшысы Жеңіс Қасымбек.

Астана әкімі көпір құрылысының қарқынын арттыруды міндеттеді. Сондай-ақ елорда басшысы көлік нөпірін жеңілдету үшін жаңа көшелер салуды, жаңа жолдар ашуды, жаңа көпірлер жобалауды және т. б. жалғастыратынын атап өтті.

– Аудандар мен коммуналдық қызметтерге қар күреу жұмысын күшейтуді тапсырдым. Ауа райының құбылмалылығын, оның ішінде температураның төмендеуін ескерер болсақ, қозғалысы қарқынды учаскелердің, әлеуметтік нысандарға кірер жолдардың, тротуарлардың, аялдамалардың және т. б. қарын күреуге ерекше назар аудару қажет, – деді елорда әкімі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button