Елорда тынысы
Тәуелсіздік күніне орай отшашу болмайды
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 33 жылдығына орай елордада мерекелік отшашу болмайды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
“Тәуелсіздік күніне орай Астанада 50-ден астам түрлі мерекелік және ресми іс-шара өтеді. Оның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спартакиадалар сияқты іс-шаралар бар. Отшашу болмайды”, – дейді Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.
Астанада Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралардың уақыты мен орны туралы мына сілтемеге өтіп танысуға болады.