Қала мен Сала

Тәулік бойы қар тазалауда

Соңғы күндері Астанада толассыз жауған қар айналаны ақ ұлпаға орады. Бұл қаланың коммуналдық сала қызметінің жұмысын күшейтті. Осыған орай, елорда­да қарды тазалау және шығару жұмысы тәулік бойы жалғасуда. 5 ақпан күні таңертең санитарлық тазалауда 2,5 мыңға жуық жол жұмысшысы жұмысқа шықты.

Астана көшелерін қар мен мұздан тазартуға 1,6 мың арнайы техника мен 2,5 мыңға жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды. Өткен түнде қаладан 3,7 мың рейспен 55 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыстың басынан бері елордадан полигондарға барлығы 3,7 млн текше метр қар шығарылды, қар полигонына жөнелтілген рейс саны 273,5 мыңға жетті.

Қардың үздіксіз жаууына байланысты бас қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Түнгі ауысымда қар тазалау жұмыстарында
300-ге жуық жол жұмысшысы, 1,3 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс басталғаннан бері қаладан полигондарға 3659196 текше метр жердің қары жөнелтілді, рейс саны – 269753.

Астана аумағындағы қарды тазарту жүмыстары қаланың барлық бес ауданында да жүргізіліп жатыр. Мәселен, Алматы ауданында қыс мезгілі басталғалы бері 973150 текше метр қар шығарылды. Қазіргі таңда бұл іске ауысымына 436 арнайы жабдықталған техника, сондай-ақ 679 жол тазалаушы қызметкерлер жұмылдырылған.

Байқоңыр ауданының аума­ғында да ішкі орам жолдарын тазалау жұмыстары жүргізілуде. Қыс мезгілі түскеннен бүгінгі күнге дейін Байқоңыр ауданы аумағынан қар полигонына 700 мыңға жуық текше метр қар шығарылды. Бұл 50 мыңға жуық рейсті құрайды.

Қазіргі таңда аудан аумағына белгіленген қар полигоны тиісті режимде жұмыс жасап тұр. Қар полигоны жүк көліктерінің нөмірлерін тіркеу жүйесімен жабдықталған. Сондай-ақ ол жерде бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған. Тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте әлеуметтік нысандар мен көше бойлары және алдыңғы кезекте аула аумақтары қардан тазартылуда. Коммуналдық қызметтер толықтай күшейтілген режимде жұмыс істеп, санитарлық тазалауға аудан бойынша 300-ге жуық арнайы, 400-ден аса жұмысшы жұмылдырылған. Бұдан бөлек, көктайғақ болдырмау үшін арнайы тұзды қоспалар да себілуде.

Қардан даңғылдар, тротуар­лар, аулалар мен үйлердің ішкі жолдары тазартылды. Қар шығару жұмыстары тәулік бойы, күндізгі және түнгі ауысымда жүргізіледі.

Түннен таңға дейін аудан аумағын 185 бірлік арнайы техника және 36 жұмысшы тазалайды. Қар тазалауға өзі аударғыш жүк машиналары, тиегіштер, автогрейдерлер және т. б. тартылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button