Тәжікстанда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді
![](https://www.astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2024/08/48188113-7a96-4fe2-9f4f-b1e0cec13eef-755x470.jpg)
2024 жылғы 20-22 тамыз аралығында Тәжікстанда Қазақстан Республикасының мәдениет күндері өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Мәдениет күндері аясында бірқатар ірі іс-шаралар өткізу жоспарлануда. 2024 жылғы 20 тамызда Душанбе қаласындағы «Ватан» кинотеатрында қазақстандық кино күндерінің ашылуы өтеді. 22 тамыз күні сағат 19:00-де «Кохи Борбад» мемлекеттік кешенінде Қазақстан өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт өтеді, оған Қазақстанның халық әртістері мен еңбек сіңірген қайраткерлері, сондай-ақ халықаралық конкурс лауреаттары қатысады.
Сонымен қатар гала-концерт басталмас бұрын «Кохи Борбад» мемлекеттік кешені фойесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің қорынан «Қазақ халқының қолданбалы-сәндік өнері» атты көрмесі ұсынылады. Көрменің негізін XVIII-XX ғасырлардағы қолданбалы өнердің бірегей заттары құрайды.