Елорда тынысы

Тәжікстанда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді

2024 жылғы 20-22 тамыз аралығында Тәжікстанда Қазақстан Республикасының мәдениет күндері өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мәдениет күндері аясында бірқатар ірі іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

2024 жылғы 20 тамызда Душанбе қаласындағы «Ватан» кинотеатрында қазақстандық кино күндерінің ашылуы өтеді.

22 тамыз күні сағат 19:00-де «Кохи Борбад» мемлекеттік кешенінде Қазақстан өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт өтеді, оған Қазақстанның халық әртістері мен еңбек сіңірген қайраткерлері, сондай-ақ халықаралық конкурс лауреаттары қатысады.

Сонымен қатар гала-концерт басталмас бұрын «Кохи Борбад» мемлекеттік кешені фойесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің қорынан «Қазақ халқының қолданбалы-сәндік өнері» атты көрмесі ұсынылады. Көрменің негізін XVIII-XX ғасырлардағы қолданбалы өнердің бірегей заттары құрайды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button