Елорда тынысы

Тағы бір BINOM мектебі ашылды

[smartslider3 slider=3877]

 

Елордада BINOM жаңа буынының бесінші мектеп-лицейі есігін айқара ашты. Қала әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, жаңа мектепке қазақтың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің есімі берілді. Ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев және «Білім болашағы» коммерциялық емес ұйымының өкілдері қатысты.

Енді BINOM оқу орындарына білім мен ғылымның дамуына үлес қосқан ұлы тұлғалардың есімдерін алатын болады. Аталмыш мектеп-лицейде оқыту екі тілде жүргізіледі, қабылдау Білім және ғылым министрлігінің үлгілік қағидалары бойынша жүзеге асырылады. Жобалық қуаттылығы – екі ауысымда 4 мың оқушы орны. Заманауи сын-қатерлерді ескере отырып, мектептің материалдық-техникалық базасы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Білім беру саласындағы МЖӘ пилоттық жобалары елордада өткен жылдан бастап жүзеге асырылуда. Инвесторлар әкімдікпен бірлесіп салған оқу орындары қала тұрғындары арасында белсенді сұранысқа ие. BINOM мектептері желісінің білім беру процестерін басқаруды «Білім болашағы» коммерциялық емес ұйымы жүзеге асыратын болады, оның басты мақсаты – Қазақстан балаларына қолжетімді және сапалы білім алуға тең мүмкіндіктер беру.

Нұр-Сұлтанда 3 жыл ішінде 34 мектеп салынды. Оқу орындарының құрылысы қаланың барлық ауданында жүріп жатыр. Елордада 2022 жылы тағы 11 мектеп салынады, осылайша 20 мыңнан астам оқушы орны ашылады.

Сонымен қатар, елордада мектеп салу үшін 72 жер учаскесі белгіленді. Жалпы алаңы 120 мың оқушы орнына (екі ауысымда 240 мың оқушы орны) арналған оқу орындарын салуға мүмкіндік береді. Бұл жер учаскелері әлеуметтік нысандарға қажеттілікті ескере отырып, қаланың барлық ауданында орналасқан. Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына (егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына) әрбір ауданда (шағын аудандарда) оқу орындары болуы үшін арнайы бағыт бекітілді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button