Елорда тынысы

Тағы да өрт шықты

Астанадағы «Barys City» тұрғын үй кешенінің екінші қабаттағы пәтердің балконынан өрт шықты.

Елордалық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, Өрт сөндіру қызметіне бүгін сағат 08.28-де Тұран даңғылындағы «Barys City» тұрғын үй кешенінде өрт болып жатқаны туралы хабар келіп түседі. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер екінші қабаттағы пәтердің балконы жанып жатқанын анықтады.

«Қатты түтін болды. Жедел және үйлесімді іс-қимылдың нәтижесінде құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. 16 адамды эвакуациялады. Оның 6-уы – бала. Сағат 09:10-да өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды» деп хабарлады Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Тілсіз жау уақытылы құрықталып, адам шығыны орын алған жоқ.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button